ШҚО тұрғыны шырша кескені үшін миллиондаған айыппұл төлейді

Жедел іздеу шаралары барысында 37 жастағы ер адам ұсталды.
Өскеменде белгісіз біреулер жеке кәсіпорын жанында өсіп тұрған он метрлік шыршаны кесіп, ұрлап кеткен, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА.

Фирма директоры полицияға жүгінді. Жедел іздеу шаралары барысында 37 жастағы ер адам ұсталды. Ол кінәсін мойындады. «Факті бойынша әкімшілік емес, қылмыстық іс қозғалды. 199-баптың 2-бөлігі бойынша ол 5 жылға бас бостандығынан айырылады не 3 мың АЕК дейін (6 миллионнан астам) айыппұл төлейді» , - деп нақтылады ІІД.

ІІД хабаралағандай, өңірде «Шырша-2016» шарасы жалғасуда. 60 жедел топ, күшейтілген нарядтар жолдарда шыршаны тасу, сату заңдылығын бақылайды. Шара барысында 18 бұзушылық анықталса, ағаштарды заңсыз кесудің 6 фактісі тіркелді.

Фото: inform.kz
Следите за новостями zakon.kz в: