«Қазгидромет» РМК жаңа жыл қарсаңында ауа райы болжамын жариялады. 29-31 желтоқсан күндері көптеген облыстарда қалың қар жауып, бұрқасын соғады; батыстан 15-20 м/сек жылдамдықпен күшті жел соғып, ауа температурасы қалыпты нормадан 2-5º С жоғары болады, бірақ қатты аяз болмайды, деп жазады ҚазАқпарат.
Оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарда оңтүстік циклонының әсерінен жаңбыр және қар аралас жауын жауады, көк тайғақ болып, тұман түседі. Мұнда да ауа температурасы қалыпты нормадан жоғары болады.
Фото: inform.kz