Ақмола облысының Жарқайың ауданында із-түзсіз жоғалған 19 жастағы жігіт іздестірілуде, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА аймақтық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ТЖД қызметкерлерінің мəліметі бойынша, жігіт 2017 жылғы 1 қаңтар күні сағат 11:00 шамасында Державинск қаласындағы теміржол вокзалынан шығып, сол күйі ұшты-күйлі жоғалған.
«Іздестіру шараларына аудандық ІІБ жеке құрамы, ТЖБ қызметкерлері, 6636 əскери бөлімнің 2-ші атқыштар батальоны мен еріктілер тартылуда. Кешегі күні іздестіру жұмыстары еш нəтиже бермеді, бүгін қайта жалғасатын болады», - деп түсіндірді баспасөз қызметінен.
Фото: GuildHall