Мереке күндері Петропавлдағы 3-ші қалалық аурухананың травматологиялық пунктіне 290 адам жүгінді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.
Травматолог-ортопед маман Вали Бедешевтің айтуынша, 2016 жылдың 31 желтоқсаны мен 2017 жылдың 4 қаңтары аралығында қала тұрғындары негізінен көшеде алған жарақатпен келді.
«Орта жастағы түрлі жарақат алған: тобығы, аяқ-қолы шыққан және көкірек қуысы зақымданған адамдар травматологиялық пунктке жүгінді. Үсік алған үш адам түсті. Травматологиялық пункт жағдайындағы амбулаториялық көмектер көрсетілді. Стационарға алты адам жатқызылды», - деді Вали Бедешев.
Фото: www.inform.kz