Қостанай облысында қыз бала сырғанақтан құлап көз жұмды

Дәрігерлер ота жасаған, алайда, қызды өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған.
Қостанай облысының Затобольск кентінде 12 жасар қыз сырғанау кезінде басынан жарақат алып, көз жұмды, деп хабарлайды stan.kz, өңірлік Алау басылымы берген ақпаратқа сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 3 қаңтар күні кешке орын алған. “Қыз бала облыстық ауруханаға жарақатпен түсті. Дәрігерлеріміз қызға ота жасады. Өкінішке орай, қызды құтқарып қалу мүмкін болмады. Қыз 4 қаңтар күні таңертең ауруханада көз жұмды”, — деп хабарлады Қостанай облыстық аурухананың бас дәрігері Фазылбек Темірханов.

Фото: stan.kz

Следите за новостями zakon.kz в: