Өткен жылы 89 солтүстікқазақстандық ата-ана құқығынан айырылды

Өткен жылы қатаң шара қолданылған 4 ата-анаға ғана балаларын отбасына қайтаруды қалады.
2016 жылы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен 89 ата-ана әке-шеше құқығынан айырылды, тағы үшеуіне шектеу қойылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

Қадағалау органы өкілдерінің айтуынша, ата-ана құқығынан айыру - бұл соңғы шешім. Және ол баланың мүддесі үшін және ата-анаға қолданылған профилактикалық шаралар нәтижесін бермеген жағдайда ғана қолданылады.

Ата-ана құқығын әке мен шеше өздерінің өмір сүру дағдысын, тәртібін және баланың тәрбиесіне көзқарасын өзгерткен жағдайда ғана қалпына келтіре алады. Бірақ, тәжірибе көрсетіп отырғандай, құқықтарынан айырылған ата-аналар оларды қалпына келтіру бойынша сотқа өтініммен аз келеді.

Өткен жылы қатаң шара қолданылған 4 ата-анаға ғана балаларын отбасына қайтаруды қалады.

Фото: Gorod.dp.ua


Следите за новостями zakon.kz в: