Алматы облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының қызметкерлері ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер демартаменті Өндірістік емес төлемдер басқармасының бас сарапшысы Р.Жұмабаевты тұтқындады, деп хабарлайды BNews.kz.
Р.Жұмабаев Қапшағай қаласының аумағында орналасқан казино өкілдерінен құмар ойын орталықтарының қызметін заңсыз қорғау және салықтық тексерулер жүргізбеу үшін жүйелі түрде пара алып отырған.
Қылмыстық факті Р.Жұмаевтың ұлы Д Ұдановтың Қапшағай қаласының «Інжу–КZ–казино «ХО» өкілінен 5000 АҚШ доллары көлемінде пара алып жатқанда анықталды.
ҚР ҚК 128-бабына сәйкес, Р.Жұмабаев пен оның ұлы Д.Ұданов Іле ауданы АІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
Фото: ren.tv