Атырау қалалық прокуратурасымен интернет желісіндегі порнографиялық, экстремистік мазмұндағы және суицидке үгіттейтін материалдары бар сайттар мен әлеуметтік желілерге үнемі мониторинг жасалуда. Қызмет нәтижесімен ғаламтор желісінде жасөспірімдерді суицидке үгіттейтін 22 әлеуметтік топқа, порнографиялық мазмұндағы 12 сайтқа және террористік экстремистік діни материалдары бар 97 сілтемеге шектеу қойылды, деп жазады zakon.kz Атырау қалалық прокуратурасының баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап.
Атқарылып жатқан шараларға қарамастан жасөспірімдер мен ересектер арасында өз өзіне қол жұмсау жағдайы, интернеттегі мінез-құлыққа теріс әсер ететін материалдардың еркін таралуы азаймауда.
Осыған орай, қала прокуратурасының бастамасымен Республика бойынша «Қазақтелеком» АҚ –мен 2017 жылдан бастап барлық ғаламтор пакеттеріне «Ата-ана бақылауы» бағдарламасын қосылуы ұйымдастырылды.
Аталған, бағдарлама интернет желісіндегі жасөспірімдердің психологиясына кері әсер ететін материалдардан сақтандырады.
Сондықтан, ҚР-ның Неке және отбасы кодексінің 70 бабына сай бала тәрбиесіне міндетті болып табылатын ата-аналар, балалардың интернет пен әлеуметтік желілерде отыруын бақылауға алып, қадағалап тұрыңыз.
Фото: today.kz