Көкшетаудағы тұрғындарды апаттан құтқаруға супермэн көмекке келді. Жылу құбыры жарылып, үйлердің ішіне су кіріп, көлге айналған қаланы тазартып жатқан мамандарға көмекке "супермен" киімінде келген кейіпкер кім болды екен? Көкшетауда жылу құбыры жарылып, ондаған көше су астында қалды. Одан бөлек, маңайдағы үйлердің іші "бассейнге" айналды. Мүліктерін судан аман алып қалу үшін тұрғындар бар күшін салуда. Бірақ әзірге нәтижесіз, деп жазады 31 арна.
ЮРИЙ ОДОШКО, Тұрғын:
- Еш нәтиже жоқ.Өз күшімізбен суды қанша тоқтатуға тырысқанмен, ағылып, үйдің ішіне құйылып жатыр. Жауаптылар жарылған жылу құбырын тезірек жапса екен.
Жарылған жылу құбырының кесірінен қала орталығы көлге айналып, көліктердің қозғалуы қиындады. Ал жаяу тұрғындар көшенің арғы бетіне өту үшін етіктерімен су кешуге мәжбүр болды. Араларында шалыс басып, суға батып кете жаздағандар да болды.
АРАЙЛЫМ СЕПИЕВА, Тұрғын:
- Көкшетауда мынадайды бірінші рет көріп тұрмын. Етігіміз су болып, су кешіп.
ОЛЬГА ТОПЧИЕВА, Тұрғын:
- Жолдан өте алмаймыз, масқара. Етігімімізбен су кешіп жүрміз. Енді ауырып қалмасақ екен деп тілейміз.
Апат болған жерде қазір Көкшетау қаласының барлық коммуналдық шаруашылықтарының техникалары жұмылдырылған. Жауапты мекемінің басшысы, құбырды қалпына келтіру үшін бар күшімізді салып жатырмыз дейді.
ЗЕЙНУР ӘЛІБЕКОВ, "Көкшетау су арнасы" мемлекеттік комуналдық кәсіпорнының бас директоры:
- Қазір құбырды уақытша жаптық. Суды сору жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Бұл жұмыстар аяқталған соң, құбырдың неден жарылғанын анықтап, қалпына келтіретін боламыз.
Көшені судан арылту үшін де мамандар дамылсыз жұмыс істеуде. Дер кезінде ауыздықтауға көнбеген апаттан қолайсыз жағдайға қалған тұрғындарды құтқаруға Супермэн де оқиға орнына аттанды.
-Почему бы нет. Для этого я здесь. Ладненко, пойдем посмотрим что там?
-Поможем, да?
-Да конечно
Ерболат Асылбеков, Виктор Полянный
Фото: www.lada.kz