Қасымов: Учаскелiк полицейге есiк ашпасаңыз, тексерудiң басқа амалын табамыз

Үкiмет отырысында ҚР Премьер-министрi Бақытжан Сағынтаев тiркеу енгiзiлгеннен кейiн ХҚКО-ларда үлкен кезектiң қалыптасқанын және бұның, жалпы тiркеудiң халық арасында наразылық тудырғанын айтты.
ҚР Iшкi iстер министрi Қалмұханбет Қасымов қазақстандықтардың учаскелiк полицейлерге есiк ашпауға құқығы бар ма, деген сұраққа, онда полицейлер «азаматтарды тексерудiң басқа амалын табады» деп жауап бердi. Бұл туралы Baq.kz хабарлайды.

Үкiмет отырысы аяқталған соң журналистердiң сұрақтарына жауап берген Қалмұханбет Қасымов iшкi iстер министрлiгiнiң уақытша тiркеудiң жоқтығы үшiн азаматтарға айыппұл сала бастамағанын айтты. Дегемен, тiлшiлердiң қазақстандықтың учаскелiк полицейлерге есiк ашпауға құқығы бар ма деген сұраққа «Жақсы, ашпаңыздар, бiз тексерудiң басқа амалын табамыз» деп жауап қатты.

Атап өтсек, бүгiн Үкiмет отырысында ҚР Премьер-министрi Бақытжан Сағынтаев тiркеу енгiзiлгеннен кейiн ХҚКО-ларда үлкен кезектiң қалыптасқанын және бұның, жалпы тiркеудiң халық арасында наразылық тудырғанын айтты. Премьер-министр тiркеуге қатысты сұрақтардың тым көп екенiн және түсiндiру жұмыстарының дұрыс жүргiзiлмегенiн жеткiздi. Б.Сағынтаев Қ.Қасымовқа халыққа қатысты заң бойынша түсiндiру жұмыстарын ертерек, 22 желтоқсаннан бастау керек едi дедi. Сондай-ақ, ол жаппай тiркелуге көшпес бұрын электрондық тiркелу жүйесiн әзiрлеу керектiгiн де айтты.

Қымбат Елтайқызы

Фото: lastpatrol-holding.com


Следите за новостями zakon.kz в: