Жеткіншек жол тәртібі бойынша өтуге болмайтын жерден телефонына қарап өте барған. Сол уақытта оны автобус жүргізушісі қағып кетті, деп жазады stan.kz.
Болжамға сәйкес, бала тыйым салынған жерден телефон экранына қарап өткен.
Ол тез арада жол бойына шыққандықтан, автобус жүргізушісі көлікті тоқтатып үлгермеді. Оқиға сортировка қаласында болды. Қатты соққыдан бала есінен танып қалды. Куәгерлер оқиға орнына дәрігерлер мен полицейлерді шақырды. Сондай-ақ видеоға түсіріп үлгерді.
Жеткіншектің ауыр жарақат алмағаны анықталды. Дәрігерлер тексеру жүргізіп, өзге де жарақаттарының бар-жоғын анықтауда.
Фото: stan.kz