Ақмола облысы Атбасар ауданындағы отбасы манты пісіреміз деп оқыс оқиғаға тап болды

Ауыр халде Көкшетаудағы облыстық ауруханаға жеткізілген балаға дәрігерлер ота жасады.
Баланы қараусыз қалдырмаңыздар! Ақмола облысы Атбасар ауданындағы отбасы манты пісіреміз деп оқыс оқиғаға тап болды. 3 жастағы баланың үстіне ыдыстағы ыстық су құйылып, соның салдарынан денесінің 80 пайызы күйіп қалған. Дәрігерлер соңғы кезде мұндай оқиғалар жиіліп кетті деп дабыл қағып жатыр, деп жазады 31 арна.
Ақмола облысы Атбасар қаласында 3 жасар бала мантыға дайындалған ыстық суға күйіп, денесінің 80 пайызын жарақаттады. Ауыр халде Көкшетаудағы облыстық ауруханаға жеткізілген балаға дәрігерлер ота жасады.
НҰРЛАН ТҮСІПБЕКОВ,Ақмола облыстық балалар ауруханасының хирургиялық жұмыстар бойынша меңгерушісі:

- Бізге түскенде жағдайы ауыр болды. Ота жасалып кеуде тұсына аяқ бөлігінен тері алып жаптық.Тері денесіне жақсы бітіп келеді. Қазір жағдайын бақылауда ұстап отырмыз. Екінші ота жасауды жоспарлап отырмыз.
Облыстық балалар ауруханасына жылына 100 ге жуық бала күйікпен түседі. Олардың 80 пайызы 5 жасқа дейінгі бүлдіршіндер. Мұндай жастағы балаларды үнемі қадағалап отыру қажет және ас үйден аулақ ұстаған жөн. Ал, ережені ескермей, бала күйіп қалса қараушы алғашқы көмек көрсеткен абзал дейді дәгігерлер.
НҰРЛАН ТҮСІПБЕКОВ, Ақмола облыстық балалар ауруханасының хирургиялық жұмыстар бойынша меңгерушісі:

- Егер дененің ашық бөлігі күйсе, онда бір минуттан 3 минутқа дейін суық суға ұстап тұру керек. Ал, егер киімімен күйіп қалса,бірден киімін сыпыруға асықпау керек. Өйткені, ол күйіктің асқынуына алып келуі мүмкін. Оның орнына, таза шүберекті салқын суға малып, үстіне жабу қажет. Содан кейін ғана, киімін қайшымен қиып, жайлап алу қажет. Онан соң дәрігерлердің көмегіне жүгіну қажет.
Сондай-ақ, құрамында химиялық элемент болғандықтан тіс пастасын қолдаунуға тыйым салынады. Бұл аурудың асқынуына әсер етеді. Оның орнына ауырсынуды басу үшін үйдегі дәрі-дәрмек қобдишасында болуға міндетті пантенол аэрозолын жағу керек. Ең бастысы салдармен емес, себептерімен күресуді естен шығармау керек дейді ақ халаттылар.
Ерболат Асылбеков, Виктор Полянный

Фото: TVnet
Следите за новостями zakon.kz в: