Павлодарда 4 мыңға жуық адам уақытша тіркеуге тұрды

Қазіргі уақытта уақытша тіркеуге тұру туралы өзгерістер енгізілетін көші-қон заңнамасының күшіне енуіне байланысты Павлов, 48 мекенжайында орналасқан ХҚКО жаңа жұмыс кестесі сағат 8.00- ден 20.00-ге дейін.
Қаңтар айының басынан бері Павлодар қаласының халыққа қызмет көрсету орталығына тұрғылықты мекенжай бойынша тіркеу мәселесімен 4000 жуық адам жүгінді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Павлодар қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, азаматтарды тұрғылықты мекенжайлары бойынша тіркеу жұмыстарын жандандыру үшін халыққа қызмет көрсету орталығы 12 сағаттық жұмыс кестесіне көшкен.

- ХҚКО тұрғындарға қолайлы қызмет көрсету үшін барлық жағдайлар жасалған, реттеу залдарында қосымша күту орындарымен жабдықталған, халыққа қызмет көрсету мамандарының саны артып, ХҚКО жұмыс кестесі уақытша ұзартылды, - деді қала әкімі Нұржан Әшімбетов.

Қазіргі уақытта уақытша тіркеуге тұру туралы өзгерістер енгізілетін көші-қон заңнамасының күшіне енуіне байланысты Павлов, 48 мекенжайында орналасқан ХҚКО жаңа жұмыс кестесі сағат 8.00- ден 20.00-ге дейін. Халықпен жүргізілетін жұмыстың тиімділігі мен қолайлығы үшін Павлодар қаласы ХҚКО азаматтарды тұрғылықты мекенжайлары бойынша тіркеу жүргізуге қосымша 4 маман қабылданған. Азаматтарды мекенжай бойынша тіркеу рәсімдері де жеңілдеді. Ол үшін үй иесінде өзінің және тіркеуді қажет ететін тұлғалардың жеке куәлігі, мемлекеттік баж салығы төленген түбіртек болуы қажет. Тұрғылықты мекенжай бойынша тіркеудің мемлекеттік баж салығы 227 теңге.

Фото: baq.kz


Следите за новостями zakon.kz в: