Қазақстандықтарды жаңа вирусты жұқпалы ауру ұшқыны күтіп тұр

Қазіргі таңда жұқпалы ауру мен тұмау әсіресе Қостанай, Алматы облыстарында өршіп тұр.
Қазақстандық дәрігерлер қаңтардың аяғы ақпанның басында жаңа вирус ұшқынының таралатынын айтты. Қазірдің өзінде республика бойынша 250 мыңнан астам тұрғын дәрігерлер көмегіне жүгінген. Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Дәрігерлер грипп пен аса қауіпті жұқпалы вирус туралы қатаң ескертуде. Бұл 14 жасқа дейінгі балаларды қамтуы да ықтимал. Павлодарда вирусты аурумен ауруханаға түскен сәби көз жұмған.

“Ол вирусты инфекциядан қайтыс болған жоқ. Ол өзінің қосалқы ауруларынан көз жұмды. Бізде әлі жұқпалы вирус бойынша адам өлімі тіркелген жоқ”, – дейді облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының эпидемиологы Гүлмира Құлмағамбетова.

Қазіргі таңда жұқпалы ауру мен тұмау әсіресе Қостанай, Алматы облыстарында өршіп тұр. Әзірге мектептер мен балабақшалар карантинге жабылған жоқ. Алайда вирустың жылдам өршіп бара жатқаны сонша, жағдай бір күнде-ақ астаң-кестең болуы мүмкін.

Қазақстан бойынша маусым басынан бері 2016 жылдың 1 қазанынан бастап вирусты жұқпалы ауруларға шалдыққандар саны 250 мыңнан асып кеткен. Олардың 822-сі – тұмау. 66 пайызы – 14 жасқа дейінгілер болса, 10 пайызы 1 жасқа дейінгі сәбилер.

Вирусты жұқпалы аурумен ауыратын әрбір бесінші адам – бұл мектеп оқушысы. Дәрігерлердің айтуынша, егер оқушылардың 20 пайызы аталған ауру кесірінен сабақтан қалатын болса, онда карантин жарияланады.

Фото: stan.kz
Актау Актобе Алматы Кызылорда Нур-Султан Семей
Следите за новостями zakon.kz в: