Ақтау әуежайында ұшақ екі мәрте талпынып әуеге көтеріле алмай қалды

Ресейлік әуетасымалдаушы компания өкілінің айтуынша, ұшақ жөнделгеннен кейін ол бүгін, 11 қаңтар күні сағат 21:40-та ұшады.
Ақтау-Мәскеу бағытында қатынайтын “Аэрофлот” әуе компаниясының ұшағы алты сағаттан бері ұша алатын емес. Бұл туралы stan.kz, lada.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Жолаушылар таңғы 5:30-да ұшып кетуі тиіс болған. Олар салонға отырғызып, әуе кемесі ұшу жолағына келген, алайда әуеге көтеріле алмай қалған.

“Бізді ұшақтан шығарып, сосын күту залында бірнеше сағат өткіздік. Сосын бәрін түзейміз деп айтты. Бортқа отырып, тағы да сол жағдай қайталанды. Ұшақтың қозғалтқышы істен шығып қалыпты. Алты сағаттан бері сарылып тосып отырмыз. Ешкім ыстық шәй де ұсынған жоқ”, – дейді жолаушылардың бірі.

Ақтау халықаралық әуежайының директоры Ерғазы Жолдасовтың айтуынша, ұшу процесі техникалық қиындықтарға байланысты кешеуілдеген.

“Тексерген кезде бәрі дұрыс болған. Қазір “Аэрофлот” компаниясының инженерлік-техникалық қызметі өкілдерін күтудеміз. Егер рейстің кешіктірілуі үш сағаттан асып кететін болса онда фирма жолаушыларға тамақ-шәй ұсынып, оларды қонақүйлерге орналастыруы тиіс. Келісім бойынша солай”, – деді Ерғазы Жолдасов.

Ресейлік әуетасымалдаушы компания өкілінің айтуынша, ұшақ жөнделгеннен кейін ол бүгін, 11 қаңтар күні сағат 21:40-та ұшады. Оған дейін жолаушылар қонақүйлерге орналастырылады немесе қаладағы мекендеріне жеткізіледі. Ол үшін арнайы автобус ұйымдастырылмақ.

Фото: stan.kz
Следите за новостями zakon.kz в: