Алматы облысында 250-ге тарта көлік өртенген

Жантүршігерлік жағдайға жол бермес үшін мамандар көлікке кішкентай балаларды қалдырмауды өтінеді.
Былтыр Алматы облысында 246 көлік өртеніп, 32 млн теңгеден астам материалдық шығын келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тіпті көлік өртенгенде ішінде балалардың да жанып кеткен жағдайы болған. Мəселен, мұндай қайғылы оқиға өткен жылы Талғар ауданында орын алды. Автокөлік ішіндегі өртте екі кішкентай бала қаза тапты.Есікті ашуға мүмкіндігі болмаған олар машинамен бірге жанып кеткен.

Жантүршігерлік жағдайға жол бермес үшін мамандар көлікке кішкентай балаларды қалдырмауды өтінеді. Жалпы автокөліктерден өрттің шығуына көп жағдайда электр сымдарының ақаулығы немесе апаттық жағдайда жұмыс істеуі (90% жуық) себеп екен. Өкінішке орай өрт болған жағдайда жүргізушілер абдырап қалып, түрлі қателіктерге жол береді дейді мамандар. Бірінде өрт сөндіру құралы болмаса, енді бірі оны қалай қолдануды білмейді. "Жанған кезде жанармай көліктің астына ағатын қасиеті бар, сондықтан осындай жағдайларда көліктің астына сөндіргіш затты, көбікті немесе құмды себіңіз.

Бірақ, бәрінен дұрысы, өртті болдырмау немесе пайда болу тәуекелін азайту қажет. Ол үшін автокөлігіңіздің техникалық жағдайын үнемі қадағалап тұру, ескі немесе сынған электр сымдарды дер кезінде ауыстыру қажет", дейді Алматы облыстық ТЖД ӨҚСБ ПҚБ аға инженері, Азаматтық қорғау лейтенаты Алия Сәуірбекова. Айта кету керек, автокөліктегі өрт қауіпсіздік ережелерін бұзған адам әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Фото: inform.kz
Актау Актобе Алматинская область Алматы Кызылорда Нур-Султан Семей
Следите за новостями zakon.kz в: