Шымкент тұрғыны өз көлігін өзі ұрлап масқара болды

Азамат 800 мың теңге сақтандыру қаражатын алып, автокөлікті 33 жастағы Шымкент тұрғынына сатпақ болған, дегенмен келісімді орындамаған.
Шымкентте ұрлықты қолдан ұйымдастырған күдіктінің ісі әшкере болды, - деп жазады ҚазАқпарат, ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап. Өткен жылдың қазан айында Шымкент ҚІІБ Қаратау ПБ-не 1988 жылы туылған жергілікті тұрғын өзінің автокөлігін белгісіз тұлғаның ұрлап кеткені жөнінде арызданған.

Қаратау ПБ-нің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында ұрланған автокөлікті Шымкент қаласындағы көшелердің бірінен тапқан. Алайда, полицейлердің тергеу кезінде анықтағаны, 29 жастағы жәбірленуші қаладағы банктің бірінен көлік үшін сақтандыру қаражатын алу мақсатында, әдейі өзінің автокөлігін ұрлап, көрінеу жалған ақпарат берген.

Сонымен қатар, азамат 800 мың теңге сақтандыру қаражатын алып, автокөлікті 33 жастағы Шымкент тұрғынына сатпақ болған, дегенмен келісімді орындамаған. Осы дерек бойынша, полицияға жалған ақпарат берген азамат ұсталды. Оған қатысты ҚР ҚК екі бабымен, яғни 190-бабы «Алаяқтық» және 419-бабымен «Көрінеу ақпарат беру» қылмыстық іс қозғалды. Айғақты зат тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Алмас Сұлтан

Фото: inform.kz
Следите за новостями zakon.kz в: