Оңтүстікте 2016 жылы 765 егіз нәресте дүниеге келген

Еліміздегі әрбір бесінші бала Оңтүстік Қазақстанда өмірге келсе, соның ішінде бала туудың ең жоғары көрсеткіші бойынша Шымкент қаласы алда тұр.
Оңтүстік Қазақстан облысында жыл сайын демографиялық потенциал артып, ана мен бала өлімі азайып келеді. Мәселен, 2016 жылы өңірде жалпы 79 195 нәресте туылған. Дүние есігін ашқан сәбилердің ішінде 765-сі егіз болса, 5-уі үшем. Бұл туралы zakon.kz ОҚО әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Еліміздегі әрбір бесінші бала Оңтүстік Қазақстанда өмірге келсе, соның ішінде бала туудың ең жоғары көрсеткіші бойынша Шымкент қаласы алда тұр. Мәселен, өткен жылы қалада 36 191 бала дүниеге келген. Ал, облыс аудандарының арасында бала туу саны жағынан Түркістан қаласы алдыңғы орынды иеленіп отыр, онда өткен жылы 8742 бала дүниеге келген. Одан кейінгі орында Мақтарал ауданы тұр – 7880 бала. Ал, Сарыағаш ауданында 7425 нәресте дүниеге келген.

Еліміз Тәуелсіздігін алғаннан кейін денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды арттыру есебінен жаңа медициналық мекемелер салынды.
Материалдық-техникалық жабдықтау жақсарды. Заманауи құрал-жабдықтар мен қондырғылар облыс орталығында ғана емес, аудандар мен қалаларда орнатылды. Осының нәтижесінде, өңірде ана мен бала өлімі азайып, туу көрсеткіші артып келеді.

Мәселен, 2015 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында 79 125 сәби туылған.

Фото:ontustik.gov.kz

Следите за новостями zakon.kz в: