Қызылордада бөтелкелесін пышақтап өлтірген әйел 10 жылға сотталды

Жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеуі белгіленді.
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабы 1-бөлігімен айыпталған 44 жастағы А-ға қатысты айыптау үкімі жарияланды. Бұл туралы ҚазАқпарат ХАА облыстық сотқа сілтеме жасап хабарлады.

Өткен жылғы 2 қыркүйекте сотталушы ортақ таныстарымен спирттік ішімдік ішеді. Шағын отырыстың соңы керіске ұласып, ол өзінің танысы У-мен ұрысып қалады. Арақтан көзі тұманданған әйел қолына іліккен пышақты танысына бірнеше мәрте сұғып алыпты.

Осы жарақаттар салдарынан жәбірленуші есін жимастан оқиға орнында қайтыс болған. Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен сотталушы А. ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеуі белгіленді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Фото: www.ugra.aif.ru
Следите за новостями zakon.kz в: