ОҚО-да жалған тонау қылмысы әшкереленді

34 жастағы жүргізуші белгісіз біреулердің өзін ұрып-соғып, темекі салынған 50 қорапты тартып алғанын айтады.
Оңтүстіктің полицейлері жалған тонау қылмысын ұйымдастырғандарды ұстады. Тәртіп сақшылары Жамбыл облысынан жүк алып келе жатқан көліктің тоналғаны жайлы суыт хабар түседі, деп жазады otyrar.kz.

34 жастағы жүргізуші белгісіз біреулердің өзін ұрып-соғып, темекі салынған 50 қорапты тартып алғанын айтады. Жедел іздестіру барысында 21, 32, 33 және 37 жастағы Жамбыл облысының төрт тұрғыны ұсталды. Оларды тергеу кезінде күдіктілердің бұл қылмысты өздері ұйымдастырғаны әшкереленді.

Көрші облыстағы қоймалардың бірінде істейтін жұмысшы өзінің қызметтегі жоғалған затының орнын осылайша білдірмей жібермек болыпты. Сөйтіп сыбайластарымен бірге жүк көлігінің жүргізушісіне тап береді. Ұрып-соғып, қораптарды көз алдында алып кеткен екен. Қазір бұл іс бойынша тергеу жалғасуда.

Фото: otyrar.kz
Следите за новостями zakon.kz в: