2016 жылы Қазақстанда сәби өлімі 11%-дан астам көрсеткішке төмендеді

Жедел ақпаратқа сәйкес, 2016 жылы Қазақстанда сәби өлімі 11,6%-ға, яғни 2015 жылы 1000 тірі туылған 9,6-дан 2016 жылы 8,6-ға дейін төмендеді.
Көп жағдайда сәби өліміне перинаталдық кезеңнің асқынуы себеп болады. Сонымен бірге, 1 жасқа дейінгі балалар дамудың туабітті ақаулары, тыныс алу және қан айналым органдарының сырқаттануы себепті де қайтыс болады, деп жазады zakon.kz.

Республикада күн сайын 1 мыңнан астам, жыл сайын 400 мыңнан аса сәби дүниеге келеді. Туу көрсеткіші соңғы 5 жылда 3%-ға өсті. Елімізде сәби өлімін азайтуға бағытталған шаралардың нәтижесінде салмағы 500 грамм және одан асатын шала туған балалар өмір сүруге мүмкіндік алды. 5 жылда салмағы 1500 граммға дейінгі санаттағы балалардың тіршілікке қабілеттілігі 30%-ға өсіп, 60%-ға жуық көрсеткішті құрап отыр.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған тірі туу мен өлі туу өлшемдерін енгізуді есепке ала отырып елімізде стационарлық қызметті, тәжірибеге үнемді, қолжетімді, қарапайым, халықаралық технологиялардың дәлелді медицинасына негізделген тиімді перинаталды күтімді, балалық жас ауруларды біріктіріп қарастыруды нығайту мен жетілдіру шаралары басталды.

Еліміздің барлық өңірлерінде тиімді перинаталды көмекті енгізу бойынша оқыту орталықтары жұмыс істеуде.

Перинаталды көмек көрсетуде бірегей тәсілдерді қолдануды қамтамасыз ету мақсатында 300-ден астам емханалық хаттамалар халықаралық стандарттарға сәйкестендіріліп, бекітілді, сонымен бірге, медициналық қызметкерлер оқытылып, медициналық ЖОО-да оқу және жұмыс бағдарламалары өзгертілді.

Дамудың туабітті кемістіктерін уақытылы анықтау үшін генетикалық және ультрадыбыстық скрининг жасалады. Перзентхана деңгейінде нәрестелердің есту қабілеті кемістіктерін анықтау бойынша скрининг енгізілген.
Туабітті жүрек-қантамырлар жүйесі кемістігін түзету бойынша түбегейлі хирургиялық оталар сәтті жүзеге асырылып келеді. Бүгінде Астана және Алматы қалаларындағы ғылыми орталықтарда нәрестелерге «ашық жүрекке» ота жасалуда, сонымен қатар, жүрек кемістігін интервенциалды, аз инвазивті тәслдермен түзету шаралары іске асырылуда.

Айта кету керек, ана мен сәби денсаулығы еліміздің демографиялық, экономикалық, еңбек, әлеуметтік, мәдени және қорғаныс әлеуетінің негізін қалыптастырады. Сондықтан жа, ана мен бала денсаулығын қорғау – республикадағы денсаулық сақтау жүйесінің басым бағыттарының бірі болып табылады.

Естеріңізге сала кетейік, Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 ж. арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында Қазақстанда негізгі әлеуметтік мәні бар, елдің демографиялық ахуалына айтарлықтай әсері бар 5 негізгі нозология (миокардтың жіті инфаркті, мидағы қан айналымының ауыр ауытқулары (инсульт), қатерлі ісік аурулары, сынықтар, жүктілік және босандыру) бойынша медициналық көмек көрсетудің біріктірілген үлгісі кезең кезеңімен енгізіліп келеді.

Фото: teddy-love.com

Актау Актобе Алматы Кызылорда Нур-Султан Семей
Следите за новостями zakon.kz в: