Ақтауда оқушы баланы жаяу жүргіншілер жолағында қағып кетті

Баланы соққан KIA автокөлігінің жүргізушісі оны ауруханаға жеткізетіндігін айтқан.
Ақтауда жаяу жүргіншілер жолағында оқушы баланы көлік қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат, tumba.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап.

«Бүгін таңғы сағат 9:30 шамасында 26 және 27-інші мөлтекаудандар арасындағы жаяу жүргіншілер жолағында 9-10 жас шамасындағы қыз баланы көлік қағып кетті. Оқиға куәсі болған көлік қозғалысына қатысушылар мен жаяу жүргіншілер дереу көмекке ұмтылды», - делінген ақпаратта.

Баланы соққан KIA автокөлігінің жүргізушісі оны ауруханаға жеткізетіндігін айтқан. Оқиға орнына жақын жерде құқық қорғау органдарының көлігі болғаны атап өтіледі.

Фото: inform.kz
Следите за новостями zakon.kz в: