Кеніштен заңсыз алтын іздеген екі адам Ақмола облысындағы “Қазақалтын” шахтасында белгісіз жағдайларда көз жұмды. Бұл туралы stan.kz, Sputnik жазған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.
Ақмола облысындағы шахтада екі қара алтын іздеуші көз жұмды, бір адам ауруханаға түсті деп хабарлады өңірдің төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті.
Оқиға 22 қаңтар күні түнде Ақсу ауылы “Қазақалтын” ТКК АҚ №38 шахтасында болды. “Шахтада құлау кезінде белгісіз жағдайларда екі заңсыз алтын іздеуші қаза тапты. Үшіншісі ауруханаға жатқызылды”, — деп мәлімет берді ТЖД. ТЖ анық-қанығын құқық қорғау органдары анықтауда.
Фото: stan.kz