Еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, тұман, көктайғақ болады

Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болып, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Республикамыздың басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Кей жерлерде қар жауады, бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді, деп хабарлайды Baq.kz.

Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болып, жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, түнде жел 18-23 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с, екпіні 23-28 күшейеді. Оңтүстік Қазақстан облының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Атырау, Батыс Қазақстан обылыстарының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Павлодар облысында бұрқасын, кей жерлерінде қатты болады, жел 17-22, кей жерлерде екпіні 25 м/с күшейеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман болады, жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын болып, жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді.

Фото: baq.kz
Актау Актобе Алматы Кызылорда Нур-Султан Семей
Следите за новостями zakon.kz в: