Жамбыл облысында ауруханаға сау боп барып, сал боп қайттым деген Динара Құлманбетова дәрігердің емінен кейін аяқтары жансызданып, жүруді қойып, тұра алмай қалған. Айтуынша, дәрігер тамырын таба алмай, денесін он жеті жерден піскілеп тастаған. Және ісіне салғырт қызметкер, басқа дәріні шатастырып салып жіберген дейді. Бұл туралы 31 телеарна жазды.
Қызының жарымжан күйі жанына батқан ана еріксіз көз жасын көл етеді. Белден төмен жансыз қалған Динара болса, дәл дәрігер салған екпеден соң төсек тартып қалдым дейді.
Динара Құлманбетова, Аса ауылының тұрғыны:
Қазір аяқ - қолым істемейді. Тамақты да өзім іші алмаймын. Әжетханаға да өзім бара алмаймын. Осылай жатам отызынан бастап жиырма күн болды. Бір уколдан осындай болып тұр ғой. Арыз түсірдік ол кісінің үстіне.
Осылайша дәрігер адам тағдырын ойыншыққа айналдырды деген науқас аудандық аурухананың ақ халаттыларын айыптайды. Мынау сол күнгі жағдай. Дәрігерлер тамырды таппай, кеудесінің он жеті жерін тескілеп тастаған,- дейді.
Роза Қошманова, Науқастың анасы:
- Жансақтау бөлімінің дәрігері сондай кезде арақ ішіп жүре ме? Көңілім қалды врачтан. Қызымның тағдырымен ойнады ғой бұлар...
Екпеден-ақ өзін жайсыз сезінген Динара дәрігерлерге жағдайын түсіндірген. Айтуынша, мамандар мән бермепті. Сөзінше, жансақтау бөлімінен бірден үйіне жеткізіп кете барған көрінеді. Ал аурухана басшылығы дел - сал күйде қалған Динараның диагнозы екпеден емес, өзінің дертінен дейді.
Сәуле Сұлтанова, Жамбыл аудандық ауруханасы бас дәрігерінің емдеу ісі бойынша орынбасары:
- Ол уколдан ондай нәрсе болмайды. Айына қазір выпискасын көтерсеңіздер жедел-жәрдемді қанша рет шақырады. Күніне он рет шақыратын қыз. Өйткені ол қыз тұра алмайды. Тарсионная дистания деген оның қол - аяғы төрт бұрышты болып қалады. Пока судурга жібермейінше кетпейді.
Онсыз да дәрігерлерге деген сенімі сөнген науқас бұл жағдайға облыс басшылары бей - жай қарамаса екен деп тілейді.
Нұрадин Рақай, Ғани Айдарқұлов
Фото: lenta.ru