Қазақстандықтар Мәскеуде құлдыққа қалай тап болады

Жас қазақстандық қыздар Ресей астанасына ақша табуға келіп, қайыршылық күйге түседі.
Мәскеуге ақша табу үшін келіп, бұрынғы отандастарының сауда желісіне жұмысқа тұрған қазақстандық қыздар нағыз құлдыққа тап болады деп санайды Қазақстанда адам құқығы бойынша уәкілетті Асқар Шәкіров. Бұл туралы stan.kz, Sputnik жариялаған ақпаратқа сілтеме беріп хбарлайды.

Жас қазақстандық қыздар Ресей астанасына ақша табуға келіп, қайыршылық күйге түседі. Қазақстанда адам құқығы бойынша уәкілетті Асқар Шәкіров ресейлік омбудсмен Татьяна Москальковадан бұл мәселені шешуге көмектесуді сұрайды.

Қазақстандық омбудсменге бұқаралық ақпарат құралдары арқылы Қазақстанның бұрынғы азаматтары – Мәскеудегі сауда желісінің иелері қазақстандық Ибрагимованы заңсыз бас бостандығынан айырып, қатыгездік көрсетті деген мәлімет келіп түскен. Құлдыққа тап болған әйел ресейлік белсенділер, құлдыққа қарсы “Альтернатива” қозғалысының мүшелерінің көмегімен қашып шығып, Қазақстанға оралған. Қазақстанның тергеу органдары қызметкерлері РФ Бас прокуратурасының рұқсатымен қылмыстық іс аясында Мәскеуге барған, алайда толыққанды тергеу жүргізуге мүмкіндік болмады, себебі тексеру барысында “жұмыс берушілер Ресей заңнамасы негізінде түсініктеме беруден бас тартты”. Қазақтан және Ресей құқық қорғаушылары бұл мәселенің мемлекеттік деңгейде шешілетініне күмән келтіріп, адам құқығы жөніндегі Еуропа сотына арыз берді.

Фото: stan.kz
Следите за новостями zakon.kz в: