«Қазгидромет» РМК 2017 жылдың 24-26 қаңтарына арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктердің болжауынша, Солтүстік Атлантика мен Жерорта теңізінен Қазақстанға келетін циклондардың әсерінен республика аумағында алдағы үш тәулікте күрделі метеорологиялық жағдайлар сақталады, деп жазады Егемен Қазақстан газеті.
«Солтүстік облыстарында әдеттегідей қар борайды, жол көрінісі 200-500 м, 15-20 м/с жылдамдықта жел ұйытқиды. Оңтүстік және батыс облыстарда жаңбыр аралас қар жауып, көктайғақ болады. Тұман түсіп, жол көрінісі 100-500 метрі құрайтын болады әсіресе, тау асуларында өте қауіпті. Ауа температурасы әдеттегі климаттық нормадан 4-8ºС жоғары болмақ», — делінген хабарламада.
Фото: www.egemen.kz