Еліміз бойынша тұмау асқынып барады

Үш айда өткір респираторлық індетті жұқтырған 16 мыңға жуық адам тіркеліпті.
Дәрігерлер тұрғындарға аса сақ болуды ескертеді. Өйткені, еліміз бойынша тұмау асқынып барады. Солтүстікте әсіресе, "Гонгонг" деп аталып кеткен қауіпті вирус белең ала бастаған. Бір ғана өңірдің өзінде жұқпалы дертке жыл басынан бері жүзден астам адам шалдыққан. Мамандардың дабыл қағатындайы бар. Себебі, дер кезінде дәрігерге қаралмаса, науқас өліп кетуі де мүмкін екен, деп жазады 31 телеарна.
Ел арасында гонконг тұмауы атанып кеткен H3N2 тұмауының өршіп тұрғанын естіген Маралбек Шұғайыпов өзін жайсыз сезіне бастағаннан-ақ ауруханаға барған. Суық тидіргеніме бір күн болса да, бірден басым ауырып, дене қызуым көтерілді дейді.
Петропавлда күніне жүздеген адам тұмаудың белгілерімен дәрігерге көрінеді. Үш айда өткір респираторлық індетті жұқтырған 16 мыңға жуық адам тіркеліпті. Тек соңғы аптада 52 адам тұмау жұқтырған. Ең қорқыныштысы, Гонконг тұмауы аталып кеткен H3N2 тұмауының вирусы қауіпті болып тұрғаны мамандарды алаңдатып отыр.
Юрий Пузиков, СҚО тұтынушылар құқығынқорғау департаменті басшысының міндетін атқарушы:

- Желтоқсан айының соңынан бері тұмаумен ауырғандардың саны 105 адам. Олардың 99-ы -H3N2 тұмауын жұқтырған. 39-40 градусқа дейін қызуы көтеріледі. Басы ауыра береді. Асқынып кетсе, пневманияға әкеп соғуы мүмкін.
Гонконг тұмауының белгілері:
Бас ауырады
Денеқызу көтеріледі
Адам дірілдеп, қалтырайбастайды
Арқа мен бел ауырады
Қолмен аяқ сүйектері сырқырайды
Мұрынмен тамақ бітеледі
Көз жасаурайды
Дәрігерлер Гонконг тұмауының атауы алғаш таралу жеріне байланысты дейді. Әдеттегі тұмау мен Гонконг тұмауының таралуында аса айырмашылық жоқ. Ауа арқылы да, қарым-қатынас арқылы да жұқтыру қиын емес. Ал Гонконг тұмауының дендеуі күн райының жиі ауысуы мен иммунитеттің әлсіреуінен екен.
Галина Лукашевич, № 2 қалалық аурухананыңжұқпалы аурулар дәрігері:

-Тұмау ауа арқылы ғана тарамайды. Қол арқылы да жұқтыруға болады. Яғни, вирусты барлық ашық дене мүшелері арқылы жұқтырып алуға болады. Сондықтан қолды сабынмен жиі жуып, 2-3 күнде бір жуынып тұрған абзал. Оксалин майын жағып, жеміс-жидектерді жиі пайдаланып, үйдің ауасын тазартып тұру қажет.
Ал тұмауды жұқтырғандардың саны былтырғы жылмен салыстырғанда бір жарым есеге артқан. Ал Гонконг тұмауы биыл өңірде алғаш тіркеліп отыр екен. Ал, бұған дейін облыста бір адамның суық тиіп қайтыс болғаны айтылған еді.
Руслан Жасұланұлы, Тілші:

- Облыс орталығында 12 жасар қыз суық тиіп қайтыс болған. 2004 жылы туылған мектеп оқушысының өліміне респираторлық індеттің асқынуы себеп дейді дәрігерлер. Салдары пневманияға әкеліп соғып, 12 жастағы қыз облыстық балалар аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды. Баланың Гонконг тұмауынан қаза болғанын дәрігерлер растамады.

Фото: hochu.ua


Следите за новостями zakon.kz в: