Жаңа жыл қарсаңында Железин ауылындағы балабақшаның есепшісі қаражаттың жетіспеушілігін анықап, 20 қызметкерді жалақысыз қалдырды. Сондай-ақ ол қауіпті дәрі-дәрмектерді қабылдаған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Балабақша меңгерушісінің айтуынша, қарыз 842 мың теңгені құраған. Бұл туралы Железин әкімі Қайрат Қабдуловтың құлағына енді ғана жетіп жатыр.
- Осыған дейін ешбір шара қолданылмады, себебі ауызша да жазбаша да арыз түспеген. Жағдайдан хабардар болған ауыл әкімдігі бірден іске кірісіп ұжыммен жиналыс өткізді, директордан түсінік хатын алдық. Дүйсенбіден бастап ішкі аудит аударылған қаражаттың барлығын тексеруге кірісті. Менің міндетім - 842 мыңның қайда кеткенін анықтау. Қазіргі уақытта қажетті шаралар қолданылуда. Аудиттен кейін нәтиже шығарылады. Артынша қаржы органдары арқылы мәселені қарастырамыз, - деді Қайрат Қабдулов.
Ауыл әкімінің сөзіне сүйенсек, 2016 жылдың 21 желтоқсанында есепші улану диагнозымен аудандық ауруханаға жеткізіліп, екі күн ем қабылдаған. Қазір әйел адам облыстық аурузаналардың бірінде емделуде.
Думан Асқарбек
Фото: pavlodarnews.kz