Қазақ эстарадасының бастауында тұрған «Дос-Мұқасан» ансамблі қазақтың әнсүйер қауымына ертеден-ақ таныс. «Дос-Мұқасанның» шырқауындағы кез келген ән әлі күнгі дейін хит қалпын бұзбай келеді. Оның бір дәлелі Германияның түнгі клубтарында шырқалып жатқан мына ән, дейді BAQ.kz.
Германиялық «Блиц» тобының орындауындағы «Той жыры» әні жастардың ең сүйікті әуеніне айналған. Видеодан ән ырғағына елти билеген бикештерді көру қиын емес.
«Қолда барда алтынның қадірі жоқ» демекші, біз батыстың даңғазасына еліктеп жүрсек, сол батыс қазақ әнінің, қазақ әуенінің құндылығын мойындап жатқан секілді.
Фото: baq.kz