Жамбыл облысында қаршадай қос қызға азғындық әрекет жасаған азамат 17 жылға сотталды

Нәпсіқұмар кішкентай қыздарға жыныс мүшесін ұстатып, тіпті сүйгізуге дейін барған.
Жамбыл облысында қаршадай қос қызға азғындық әрекет жасаған азамат он жеті жылға сотталды. Оның бес жыл бойы жан досының егіз қыздарына үш жасынан бастап айтуға ауыз бармайтын арсыз қылық жасап келгені дәлелденді, деп жазады 31 телеарна.
Нәпсіқұмар кішкентай қыздарға жыныс мүшесін ұстатып, тіпті сүйгізуге дейін барған. Ұдайы бейәдеп бейнероликтер көрсетіп, егіз қызды бес жыл бойы қорлап келген. Кейін анасы, араласып жүрген жолдастарының арасында Мақажан Төлеевтің азғын екенін біліп қалған. Сондықтан 46 жастағы досына дереу ауылдан көшуді талап етіпті. Бірақ көршісі ауылдан кетуі былай тұрсын, араға ай өтпей азғын әрекетіне қайта барған. Осылайша былтыр қыркүйекте қамауға алынған ол сексуалдық сипаттағы әрекеті үшін 17 жылын қатаң режимдегі колонияда өткізеді. Айта кетейік, сотталушының әйелі мен үш баласы бар.
Айгүл Мәлікова, Судья:

- Үйінде анасы да, әкесі де білмеген. Жақын достар араласып жүрген. Бір-біріне қонаққа барған, сонда екі кішкентай қызды ұстап алып, осындай әрекеттер жасап отырған. Нәпсіқұмарлық сипатта және азғындық әрекеттер бойынша екі баппен тартылып отыр.Оның көлігі де мемлекет кірісіне өткерілді, өйткені бұл әрекеттер автокөлікте де болған.

Фото: Properm.ru
Следите за новостями zakon.kz в: