Есірткіні асқазанына жасырып алып өтпек болған ер адам ұсталды

Шекарашылар аталған фактіні Сарыағаш гарнизонындағы құқықорғау органдарына хабарлады.
Қазақстан-Өзбекстан шекарасында есірткі заттарын асқазанына салып, алып өтпек болған өзбекстандық ұсталды, деп хабарлайды Baq.kz ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өзбекстан азаматын Сарыағаш шекара отрядына қарасты «Жібек жолы - авто» бақылау-өткізу бекетінің шекара жасағы ұстаған. 30 жастағы ер адамды тексеру кезінде иісшіл ит үріп сала берген.

Тергеу кезінде аталған азамат асқазанында есірткі заттың бар екенін мойындады. Айтуынша, марихуананы диаметрі бір сантиметр болатын 6 дана дөңгелек полиэтиленді қағазға орап, жұтып жіберіпті.

Шекарашылар аталған фактіні Сарыағаш гарнизонындағы құқықорғау органдарына хабарлады.

Фото: www.theweedblog.com
Следите за новостями zakon.kz в: