Ресейге патрондар өткізбек болған азамат қолға түсті

47 дана патрон табылды.
Қазақстан - Ресей мемлекеттік шекарасында оқ-дәрілерді құжатсыз жасырып өткізуге тырысқан азамат ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап.

Петропавл шекара отрядына қарасты «Қызылжар-авто» бақылау-өткізу бекетінің шекара наряды «Субару» автокөлігімен елімізден Ресейге қарай сапар шегіп бара жатқан 33 жастағы Ресей Федерациясының азаматын ұстады.

Қызметтік иттің көмегімен жүргізілген шекаралық тексеру кезінде автокөліктің жүксалғышынан 12-ші калибрлі аңшылық мылтығына арналған 47 дана патрон табылды.

Аталған дерек бойынша жергілікті Қызылжар аудандық ІІБ хабарландырылды.

Фото: inform.kz
Следите за новостями zakon.kz в: