Семейде күзетші жігіт 2 бала мен әйелді өрттен құтқарды

Балалар мен әйелді қарап шығып, жеңіл-желпі иіс тигенімен, олардың өміріне ешқандай қауіп жоқ
Өткен жұма «101» желісіне Красин көшесіндегі жұмысын тоқтатқан кәсіпорын аумағындағы өрт туралы хабар келіп түскен еді, деп жазады Хабар 24 арнасы.

Оқиға орнына шұғыл жеткен өрт сөндірушілер қызыл жалынның едәуір жерді шарпып үлгергенін көрген. Құтқарушылар келгенше, осы маңдағы күзетші айқайлаған дауысты естіп, 14 және 9 жастағы екі бала мен әйелді тілсіз жау құрбаны болудан алып қалыпты.

Ол көшедегі куәгерлердің көмегімен терезелердегі торларды жұлып алып, тұрғындарды алып шыққан. Дәрігерлер балалар мен әйелді қарап шығып, жеңіл-желпі иіс тигенімен, олардың өміріне ешқандай қауіп жоқ екенін анықтады. Ал күзетші азамат оң жақ қолы мен желкесін күйдіріп алған.

Алайда ауруханаға жатудан бас тартты. Бұл туралы Семей қалалық ТЖБ хабарлап отыр.

Авторы: Болат Көкенайұлы

Фото: 24.kz
Следите за новостями zakon.kz в: