Қазақ тілінде радикалды сайттар қаптап барады - ҚР ҰҚК

ҰҚК өкілі атап өткеніндей, Viber, Twitter, WhatsApp сынды мессенджерлердің пайда болуы, лаңкестердің бір-бірімен байланыс орнатуына және өз қызметтерін үйлестіруге, басқаруға көп жағдайлар жасап отыр.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Интернетте қазақ тілді радикалды сайттардың көбеюіне алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҰҚК Лаңкестікке қарсы орталықтың штаб басшысы Сергей Швейкиннің мәлім етуінше, бұрын мұндай үрдіс байқалмаған болатын.

«Радикалдану ошағы Интернет екені баршаға мәлім. Экстремистік материалдардың саны геометриялық прогессиямен артуда. Былтырдың өзінде лаңкестік пен экстремизм идеяларын Интернет арқылы таратудың 700 мың фактісі анықталды және жойылды. Бұл көрсеткіш 2015 жылғымен салыстырғанда 4,5 есеге, 2014 жылғымен салыстырғанда 33 есеге көп. Қазақ тілінде де материалдар дайындала бастады. Бұл олардың мақсаттық бағыттарын көрсетіп отыр. Бір жыл бұрын бұндай көріністер бірнеше есе аз болатын», - деді ол Бас прокуратурада өткен халықаралық дөңгелек үстелде.

ҰҚК өкілі атап өткеніндей, Viber, Twitter, WhatsApp сынды мессенджерлердің пайда болуы, лаңкестердің бір-бірімен байланыс орнатуына және өз қызметтерін үйлестіруге, басқаруға көп жағдайлар жасап отыр.

«Лаңкестер әрдайым аккаунттарын ауыстырып отырады, желіге анонимдік материал мен радикалды роликтерді жариялау үшін арнайы бағдарламалар қолданады. Өздерінің географиялық орналасқан жерлерін интернет арқылы анықтауға жол бермейтін техникалық мүмкіндіктерді пайдаланады. Осының аясында интернет-ресурстар пайдаланушыға сайттарда радикалды мазмұндағы материалдар туралы ескерту бере алмайды. Осындай ресурстардың басшылары өздерінде жарияланып отырған материалдардың мазмұнына үңіле бермейді», - деп атап өтті ол.

Осы орайда, ҚР ҰҚК интернет желісіндегі радикалды материалдарға қарсы үгіт-насихат жұмыстарын белсенді қолға алған.

«Жұмысымыздың негізгі басымдықтарының бірі - лаңкестік қатерінің алдын алу болмақ. Лаңкестікті іштен және сырттан қаржыландыруды алдын алу және анықтау бойынша арнайы шаралар жүзеге асырылады. Сонымен қатар қылмыстық топтардың діни-экстремистік топтармен бірігуін болдырмау көзделген», - деді Швейкин.

Айта кетейік, бұның алдында хабарланғанындай, 2016 жылы лаңкестік топтарды қаржыландырғаны үшін Қазақстанда 3 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Фото: inform.kz
Следите за новостями zakon.kz в: