Қар құрсауында қалған 40 адам құтқарылды

40 адам және 14 автокөлік қар құрсауынан шығарылды.
Алматы облысында қар құрсауында қалған 40 адам құтқарылды. Абырой болғанда үсік шалғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

31 қаңтар күні Қапал ауылының №29 Өрт сөндіру бекетінің кезекшілік бөліміне хабарлама түскен. Қарлы боранда қалған жолаушыларға дереу түрде Алматы облысы ТЖД Жедел құтқару жасағының 5 құтқарушысы және 1 Нефаз автокөлігі шықты.

Олар Қапал - Талдықорған тас жолының бойында қалған жолаушыларға дер кезінде көмек көрсетті. 40 адам және 14 автокөлік қар құрсауынан шығарылды.

Фото: eKaraganda.kz
Актау Актобе Алматинская область Алматы Кызылорда Нур-Султан Семей
Следите за новостями zakon.kz в: