Маңғыстауда мектептің 69 жастағы шопыры 9 жасар қыздарға азғындық жасаған

1948 жылы туылған азамат қазір тергеу абақтысында отыр.
Оқушылар көлігін жүргізетін шопырдың үстінен арызды төртінші сынып қыздарының ата-аналары жазған. Маңғыстау облысына қарасты Шетпе ауылының 69 жастағы тұрғынын бүгінде полиция қызметкерлері тергеуде ұстап отыр, деп жазады stan.kz, “Мой город” басылымы жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап.

Шағым өткен жылдың желтоқсан айында жазылған. Мұғалімдердің бірі оқушының телефонынан шопырдың «Сағындым, 15:00-де мектептің жанында бол. Сені алып кетемін» деп жазғанын көрген. Сол күні-ақ мұғалім бұл жайтты ата-аналарға хабарлаған.

«Қыздар мұндай жағдайдың біраздан бері болып жатқанын апайларына айтқан. Мұғалім оны оқушылардың ойлап тапқан әңгімелерінің бірі деп ешқандай шара қолданбай келген. 69 жастағы шопыр 9 жасар қыздардың денелерін сипап, өзінің алдына отырғызып, тәтілер беріп, хаттар жолдап жүреді екен»,-дейді зардап шеккен оқушының отбасылық достары.

Мектеп қызметкерлері шопырдың мұндай әрекетін бұрын соңды көрмегендерін айтады. Олар оқушылардың бұған дейін ауызша айтқандарын да жоққа шығарды. Автобус жүргізушісі тура осы мектепте бес жылдан бері осы қызыметте істеп, басшыларына тек жақсы жағынан көрініп жүрген екен.

Жүргізуші 1948 жылы туылған азамат қазір тергеу абақтысында отыр. Ол ешқандай күш қолданусыз, жасөспірімдерге азғындық жасады деген бап бойынша жауап беруде. Қазір іс сотқа өтіпті.

Фото: stan.kz
Следите за новостями zakon.kz в: