Ақтөбеде он күн бұрын із-түссіз жоғалып кеткен отставкадағы подполковник асылып қалған. 41 жастағы Байжомарт Жиеналиннің денесі Ақтөбедегі гараж кооперативтерінің бірінен табылды, деп хабарлайды Baq.kz.
Ақтөбе облысы ІІД ақпаратынша, Жиеналинді іздестіруге құқық қорғау ведомствосының ондаған қызметкері жұмылдырылған.
«Гараждардың қасынан таптық, бұл жерге ол өзі келуі мүмкін. Асылып қалған. Мүмкін өз-өзіне қол салған болар, анық-қанығын полицейлер анықтап жатыр. Біз үшін орны толмас қаза болды. Өте керемет жан еді. Байжомарттың тірі табылатынына үміттендік, соған сендік», - дейді қайғыдан қан жұтқан марқұмның ағасы.
Естеріңізге салып өтсек, отставкадағы подполковник, әскери дәрігер Байжомарт Жиеналин 20 қаңтар күні жоғалып кеткен болатын. Аз уақытқа сыртқа шығып келемін деп үйден шыққан ол сол күйі оралмаған. Ағайындарының айтуынша, ер адам неврологиялық аурумен ауырған.
Фото: lezgi-yar.ru