Жер қойнауын австриялық үлгіде пайдалануға болады

Бұл елімізге келетін инвесторларға тиімді.
Жер қойнауын австриялық үлгіде пайдалануға болады. Бұл дегеніңіз қағазбастылықтан арылып, жерді игеру құқығы жеңілдейді, деп жазады Хабар 24 арнасы.

Әсіресе бұл елімізге келетін инвесторларға тиімді. Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодекс жобасына қатысты қоғамдық тыңдауда осы мәселе талқыланды. Елбасы биылғы Жолдауында Үкіметке жаңа кодекс қабылдап, салық заңнамаларына қажетті өзгерістер енгізуді тапсырған болатын. Мамандардың айтуынша, инвесторлар бұрын лицензия алу үшін екі-үш жылын сарп ететін. Ал, кодекске өзгерістер енсе, бұл құжат 2-3 күнде дайын болмақ. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, дүниежүзінде жыл сайын барлау жұмысына 11 млрд доллар бөлінеді. Оның 18%-ы Канаданың, 12%-ы Австралияның үлесінде, ал Қазақстанға тек 1%-ға жуығы ғана тиесілі екен. Сондықтан мамандар «геологиялық барлау жұмыстарын белсенді жүргізу кажет», - дейді. Ол үшін жер қойнауын игеруге ниетті инвесторларға бөгет болмауы керек.

Базарбай Нұрабаев, Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы:

- Елбасының тапсырмасында 74-75 қадам бар. Сол бойынша біз халықаралық стандарттарға көшуіміз керек. Ол стандарттар кең таралған. Ол барлық қорларды, қатты пайдалы қазбалар, көмірсутегі – байлықтың барлығын жаңа халықаралық стандартпен есептеу. Жаңа кодекс пайланыла басталса, бізде инвестиция қатары артады деп ойлаймыз.

Фото: 24.kz


Следите за новостями zakon.kz в: