Пойыздан тасбақалар табылды

1965 жылы туған Қазақстан азаматы ұсталды.
«Үрімші - Астана» бағытындағы жолаушылар пойызынан тасбақалар табылды, деп хабарлады Baq.kz ҚР ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап.

"Қазақстан – Қытай шекарасының бойында орналасқан «Достық» бақылау-өткізу бекетінің шекара наряды «Үрімші - Астана» бағытындағы жолаушылар пойызына шекаралық тексеру жүргізу кезінде жолсерік купесінің үстіңгі бөлігіне жасырылған тасбақаларды анықтады. Ол жерде 30 тасбақа болған" - делінген хабарламада.

Осы іс бойынша 1965 жылы туған Қазақстан азаматы ұсталды. Ұстау дерегі бойынша материалдар Алматы облысы Алакөл ауданы бойынша көлік прокуратурасына жолданатын болады.

Фото: Baq.kz
Акмолинская область Актау Актобе Алматы Кызылорда Нур-Султан Семей
Следите за новостями zakon.kz в: