Ақмола полиция қызметкерлері түнгі көңіл көтеретін мекемеден қымбат бағалы тонның ұрлану фактісін ашты. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметіне сүйене отырып Stan.kz хабарлайды.
2017 жылдың 13 ақпанында Көкшетау қ. ІІБ кезекші бөліміне 23 жастағы жергілікті тұрғын көңіл көтеретін мекеме киім жайынан бағасы 360 000 теңгені құрайтын құндыз тон жоғалды делінген арыз жасады.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері мекемеде орнатылған бейне бақылау камералары жазбаларын зерттеп, СҚО, Айыртау ауданы, Имантау а. 24 жастағы тұрғынын анықтап, тұтқындады.
Қаскөйдің сөздері бойынша, киім жайдан бөтен біреудің тонын алған ол, жасырынған. Тергеу барысында қыз бала киімді ұрлағысы келмегенін, тек бұқара адамдар арасында және киім жай қызметкерінің алаңғасарлығын пайдаланып қалғанын айтып ақталды. Тонды ол өзіне қалдыруды жоспарлаған.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері ұрланған тонды заңды иесіне қайтарды.
Аталған факт бойынша ҚР ҚК 188 б. 1 б. бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бап шарасы бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуды, немесе сол көлемде түзету жұмыстарын, немесе үш жылға бас бостандығына шек қою, немесе сол мерзімге мүлкін тәркілей отырып немесе онсыз бас бостандығынан айыру жазаларын қарастырады.
Фото: Stan.kz