Ембі қаласының 39 жастағы тұрғыны өзінің үстіне бензин құйып өртеп, ішкі істер бөлімінің ғимаратына кіріп кетуге тырысқан. Бұл туралы Aktobenews.kz хабарлайды.
Бұл қайғылы оқиға жексенбі күні түнде болған. Түнгі уақытта Мұғалжар аудандық ішкі істер бөліміне қарасты Ембі қалалық ішкі істер бөліміне орталық есіктен белгісіз ер адам кіріп келген. Оның үстіндегі киімі өртке оранып жатқан. Кезекшілер жалынды сөндіріп, бірден жедел жәрдем қызметін шақырады. Бірақ, кеш болатын. Ер адам сол жерде көз жұмды.
Қазір өзіне-өзі қол жұмсау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Оның қорытындысы бойынша 39 жастағы ер адам отбасы жағдайына байланысты суицид жасаған. Осы оқиғаға дейін ақпанның екісі күні оның әйелі көз жұмған болатын. Өзін-өзі өлімге қиғаны туралы сол түні ер адам туған-туыстарына хабарлапты.
Фото: stan.kz