Оралда мектеп директорын қағып өлтірді

Ол есін жимаған күйі қайтыс болды.
Оралда №33 мектептің директоры Ахмади Арғынбаев ауыр жол апатынан кейін бірден облыстық клиникалық ауруханаға жеткізілген. Бұл туралы stan.kz, “Мой Город” порталы жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Жол оқиғасы 8 ақпан күні, “Пугачева” аялдамасының маңында орын алған. Ал 19 ақпан күні ер адам алған жарақаттарынан айыға алмай көз жұмады.

№33 мектептің оқу ісінің меңгерушісі Эльмира Мұхамбетованың айтуынша, директор ол жерде 25 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеген екен.

“Ол өте білімді, сауатты адам болды. Ұжымның 85 пайыздан астамы ол кісімен 20 жылдан астам уақыт бойы бірге қызмет істеген”, – дейді оқу ісінің меңгерушісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының айтуынша, ер адам 8 ақпан күні ауруханаға бас сүйек жарақатымен түскен. Және ес-түссіз күйде болған.

“Ол есін жимаған күйі қайтыс болды”, – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Фото: stan.kz
Следите за новостями zakon.kz в: