Шымкентте табылған тастанды нәрестенің жағдайы ауыр

Баланың тыныс алуы өте қиын болған.
Шымкенттен табылған тастанды нәрестенің жағдайы ауыр. Бұл туралы бүгін баспасөз маслихатын өткізген облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев мәлімдеді, -деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА.

«2-ші перинаталдық орталыққа жедел жәрдеммен салмағы 2775 келі болатын нәрестені алып келген. Бастапқы кезде сәбидің жағдайы ауыр болған. Баланың тыныс алуы өте қиын болған. Тастандыны баланың жағдай қазір де сол ауыр күйінде қалып отыр. Дәрігерлер өмірін сақтап қалу үшін бар мүмкіндікті жасауда»,-деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Еске салайық, демалыс күні таңғы сағат 8-30-дар шамасында жеке медициналық орталықтың күзетшісі қоқыс тастайтын жәшік пен банкоматтың арасынан жаңа туған сәбиді тауып алған болатын. Қансыраған сәбиді анасы босанған күйі тастап кеткен деген болжам жасалған-ды.

Күзетшілер тез арада жедел жәрдем көлігін шақыртып, сәби перинаталдық орталыққа жеткізілген.

Фото: inform.kz
Следите за новостями zakon.kz в: