Ақсу қаласында Әуезов көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің подъездінде қоқыс жәшігінен өрт шықты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД-нің мәліметінше, отты абайсыз қолдану салдарынан орын алған қызыл жалын 3,5 шаршы метр аумақты шарпыған. Құтқарушылардың көмегімен баспа сатылары арқылы 22 адам сыртқа шығарылды. Оның жетеуі - балалар.
Тілсіз жаудың орын алғаны туралы хабарлама кезекші бөліміне сағат 12.07-де түсіп, сағат 12.45-те толығымен сөндірілген.
Ақбота Сейсенбаева
Фото: Рavlodarnews.kz