Қызылордада бірнеше отбасы тұрып жатқан үйдің қабырғасы опырылып құлап қалған

Бұл ескі үй негізінен 2014 жылы апатты жағдайда деп танылған.
Қызылордада бірнеше отбасы тұрып жатқан үйдің қабырғасы опырылып құлап қалған. Ал төтенше жағдай болған үй бір тәулікте сүріліп, қазір орны ғана тұр, деп жазады 31 арна.

Жергілікті билік өкілдерінің апатты деп танылған үйде неліктен адамдардың тұруына рұқсат бергені белгісіз.
Нұрмұхамбет Төремұратұлы, Тұрғын:

-Фундаменті төмен болғаннан кейін, қабырғаға су кірді ғой. Екі этаж болғаннан кейін құлайды ғой. Алдын ала көшірді ғой. Ол да сноста тұрған үйге көшірді ғой.
Бұл ескі үй негізінен 2014 жылы апатты жағдайда деп танылған. Мұндағы тұрғындардың басым бөлігі пәтер кезегі келген соң көшіп кеткен екен. Тек үй кезегін күткен төрт отбасы осында қалып қойыпты. Жердің ылғалдығынан көпқабатты үйдің бос тұрған бір пәтерінің қабырғасы опырылып түскен. Оқыс оқиғадан кейін басшылар құлағалы тұрған үйді бірден сүріп, жермен-жексен етуге мәжбүр болған. Ал төрт отбасына қаланың басқа бөлігінен уақытша тұруға тағы апатты жағдайдағы үй берілді.
Нұрмұхамбет Төремұратұлы, Тұрғын:

-Фундаменті төмен болғаннан кейін, қабырғаға су кірді ғой. Екі этаж болғаннан кейін құлайды ғой. Алдын ала көшірді ғой. Ол да сноста тұрған үйге көшірді ғой.

Фото: Today.kz
Следите за новостями zakon.kz в: