19-26 ақпан аралығында Жапонияның Саппоро қаласында өткен VIII қысқы Азия ойындарында мәнерлеп сырғанаудан Элизабет Тұрсынбаева қола медальді иеленді.
Қысқа және еркін бағдарлама қорытындысы бойынша жерлесіміз 175,04 ұпай жинады.
Айта кетейік, ол Азия ойындарына бірінші рет қатысып, ересектер арасында жақсы нәтижеге қол жеткізді.
Элизабет бұған дейін 2016 жылғы жасөспірімдер қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері (Норвегия Лиллехамер), 3 дүркін Қазақстан Республикасының чемпионы, Гран-При серияларының жүлдегері, бірнеше халықаралық турнирлердің жеңімпазы және жүлдегері, ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
Фото: www.inform.kz