Оңтүстік Қазақстан облысында бір ғасырды артқа тастаған 100 жастан және одан да көп жасқа толған 88 қария өмір сүріп жатыр. Ұзақ жасаушы егде азаматтардың басым көпшілігі Шымкентте, Мақтаарал мен Сараығаш ауданында тұрады. 100 жастан аса өмір сүріп жатқан қарттардың ішінде 70-ге жуығы тыл еңбеккерлері, деп хабарлайды Baq.kz.
Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлімдегендей, бұл өңірде жыл көлемінде ұзақ жасаушы қарияларға бюджет және мекемелер, демеушілер есебінен мүмкіндігіне қарай бір жолғы материалдық жәрдем мен сый-сияпаттар беріліп тұрады.
Мәселен, өткен 2016 жылы 77 қарияға 636,7 мың теңгенің материалдық қолдауы көрсетіліп, оның ішінде жергілікті бюджет есебінен 86,9 мың теңге және демеушілер есебінен 549,8 мың теңгеге сыйлықтар үлестірілді. Осы бағыттағы жұмыстарды облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы биылда жалғастыратын болады. Бүгінгі ұрпаққа бейбіт өмір сыйлаған қазыналы қарттарға құрмет көрсету біздің міндетіміз.
Айта кетейік, жалпы облыста 215,6 мыңнан астам зейнеткер тұрып жатыр.
Фото: egemen.kz