Астанада екі айда 85 адамды ит қапқан

Иесіз жүрген иттердің, әсіресе оқушылар мен қарт кісілерге тигізер зияны көп.
Астанада көшеде иесіз жүрген қаңғыбас иттерді аулау жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы «Астана ветсервис» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz.

Астана бойынша қаңғыбас иттерді аулау жұмыстары жүргізілуде. Иесіз жүрген иттердің, әсіресе оқушылар мен қарт кісілерге тигізер зияны көп. Осы жылдың басынан бері ит тістеп алу оқиғаларының 85 фактісі тіркелген.

24 ақпан күні көшеде қараусыз жүрген ит 3-ші сынып оқушысын талап тастаған. Зардап шеккен бала ауруханаға жеткізілген.

Айта кетейік, Елордада былтырғы жылы 1234 ит қауып алу жағдайлары орын алған.

Фото: Baq.kz
Следите за новостями zakon.kz в: