Қазақстанда есірткі заттарын таратқандар жазадан құтылды

Ұсталған азаматтар заң актілері нақты бекітіп берген есірткі заттары тəрізді өнімдердің нақты тізімі жоқ болғандықтан, жазадан құтылды.
Қазақстанның құқық қорғау органдары психоактивті заттарды таратқандарды жазалай алған жоқ. Бұл туралы бүгін Əділет министрлігінің ведомствоаралық комиссия отырысында Ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жақыпов мəлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Əділет министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 2015 жылдың қаңтарында Батыс Қазақстан облысында есірткі заттары мен психотропты заттардың тізіміне енбеген 11 грамм салмақтағы құрамында АВ- РINACA-CHM синтетикалық каннабиноид бар зат тəркіленген. 2015 жылдың мамырында Алматы қаласында 7 грамм салмақтағы психотропты зат тəрізді α-пирролидиновалерофенон тəркіленген. 2016 жылы осындай жеті факт анықталып отыр.

"Ұсталған азаматтар заң актілері нақты бекітіп берген есірткі заттары тəрізді өнімдердің нақты тізімі жоқ болғандықтан, жазадан құтылды. Сондықтан, Ішкі істер министрлігі "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне есірткі, психотропты заттар мен солардың баламасы сияқты заттарды бақылауға алу мəселелері жөнінде өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын əзірледі. Осы заң арқылы жаңадан шыққан психотропты заттарды сатқандарды жазалауға болады", - дейді Рашид Жақыпов.

Фото: inform.kz
Актау Актобе Алматы Кызылорда Нур-Султан Семей
Следите за новостями zakon.kz в: